АҚШ РФ-ға қарсы санкциялар кеңейтілетінін жариялады

АҚШ Ресейге қарсы санкциялық тізімге 13 жеке және 30 заңды тұлға енгізілгенін хабарлады.

Бұл туралы АҚШ қаржы министрлігінің өкілдері ведомствоның ресми Twitter-аккаунтында мәлімдеді.

Жаңа шектеу шараларына бұрынғы спортшы Алина Кабаева, «Фосагро» холдингінің басшысы Андрей Гурьев, «Еврохим» пен СУЭК негізін қалаушы Андрей Мельниченко, Магнитогорск металлургия комбинатының иесі Виктор Рашников, Мариуполь қалалық әкімшілігінің басшысы Константин Иващенко қатысты және Херсон облысы әкімшілігінің басшысы Владимир Сальдо енді.

Сондай-ақ, АҚШ билігі жүздеген ресейлік азаматтарға қатысты визалық санкция енгізді. Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Вашингтон 893 ресейлік ресми тұлғаға, соның ішінде Федерация Кеңесінің мүшелері мен әскерилерге қатысты шектеулер енгізілгенін мәлімдеді.

 

Добавить комментарий