АҚШ ресейлік ураннан бас тартуға дайындалуда: Сенаторлар заң жобасын енгізді

АҚШ сенаторлары ресейлік уран импортына тыйым салу туралы заң жобасын ұсынды.

Заң жобасы екі партияның — Демократиялық және Республикалық партияның өкілдері тарапынан қолдау тапты. Сенатор Джон Баррассоның мәлімдеуінше, АҚШ Ресейге уран үшін төлейтін әрбір доллар Владимир Путиннің Украинаға қарсы соғысын жүргізу үшін жұмсалады.

Сенаторлардың ұсынысы АҚШ-ты Ресейден уран отынына тәуелділіктен арылтуды көздейді.

Заң жобасының тең авторлары — демократтар Мартин Хайнрик пен Крис Кунс, сондай-ақ республикашылар Синтия Ламмис және Роджер Маршалл болды. Бұған дейін Ресей Иранмен байытылған уранды қайтару туралы келісім жасасқаны туралы хабарланған болатын, бұл халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырды.

 

Добавить комментарий