АҚШ қаржы министрлігі санкцияға іліккен адамдардың тізімі кеңейтілгенін мәлімдеді.
Хабарланғандай, РФ-ның 29 жеке және 40 заңды тұлғасы санкцияға ұшырады.
Аталып өткендей, РФ Орталық банкі төрағасының бірінші орынбасары Ксения Юдаев, сондай-ақ «Открытие» банкі басқармасының төрағасы Михаил Задорновқа қарсы санкцияға ілікті.
Сонымен қатар, АҚШ 635 ресейлікке «Украинаның аумақтық тұтастығына қауіп төндіргені, Донбасс түрмелеріндегі адам құқықтарын бұзғаны үшін» визалық шектеулер енгізуде.