АҚШ санкциялық шараларды қайта кеңейтіп, Ресей мен Беларуське қатысты өз саясатын қатаңдатуды жалғастыруда. АҚШ Қаржы министрлігі қара тізімге аталған елдердің 13 жеке тұлғасы мен 20 компанияны енгізіп, оларды халықаралық стандарттарды бұзды деп айыптады.
Санкциялар тізімге ілінген жаңа тұлғалардың арасында бұрын Ресейдің пайдасына тыңшылық жасаған, бірақ ақталып шыққан Пермь тумасы, ал қазір Швеция азаматы Сергей Скворцов бар. Сондай-ақ Вашингтон «Александр Лукашенконың әмияны» деп атап кеткен Александр Шакутин, Павел Топузидис және Виктор Петровичті қоса алғанда, беларусьтік бизнесмендер де санкцияға ілікті.
Киев бақылауынан шыққан аумақтардан украиндық балаларды депортациялауға қатысы бар деп айыпталған Беларусь Қызыл Крестінің бас хатшысы Дмитрий Шевцовта шектеуге іліккенін ерекше атап өтейік.
Санкциялар сондай-ақ өңірдегі жағдайды шиеленістірген, ресейлік қорғаныс саласына байланысты белорустық компанияларына да салынды.