АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның коронавирусқа тапсырған тест сынамасы оң нәтиже көрсетті, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Эдриэнн Уотсон.
Оның айтуынша, Салливан соңғы уақытта Байденмен тығыз байланыста болмаған және ауру симптомсыз өтіп жатыр.
БАҚ өкілдері шенеуніктің президент Джо Байденмен бірге бару керек болған Германиядағы «үлкен жетілік» лидерлерінің кездесуіне және одан кейін Испанияда өтетін НАТО саммитіне бір апта қалғанда коронавирус жұқтырғанын айтып отыр.
COVID-19 тестінің оң нәтижесі Салливанның алдағы сапарына әсер ете ме, жоқ па белгісіз, делінген БАҚ-тың хабарламасында.