АҚШ пен Әзірбайжан ынтымақтастық орнатуға ниетті

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі Карен Донфрид телефон арқылы сөйлесіп, Баку мен Ереван қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру мәселесін талқылады.

Еске салайық! Осыдан бірнеше күн бұрын Армения басшылығы мен ЦРУ өкілдерімен кездескен болатын.

«Тараптар ағымдағы өңірлік үдерістер, оның ішінде Әзірбайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үдерісінің түрлі бағыттары жөнінде пікір алмасты», — делінген сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.

Онда Байрамов қарсы тараптың назарына «Әзірбайжанның аймақтағы бейбітшілік пен прогресті қамтамасыз ету жөніндегі ұстанымын, оның ішінде коммуникацияларды ашу, екі мемлекеттің шекарасын делимитациялау, болашақ бейбіт келісім бойынша жұмысты бастау, сондай-ақ осы бағыттарда Әзірбайжан қабылдаған қадамдарды» жеткізгені атап өтілген. Сыртқы саясат ведомствосы телефон арқылы сөйлесу барысында тараптар өз мойнына алған міндеттемелерді толық орындаудың маңыздылығы атап өтілгенін хабарлады.

Өз кезегінде Донфрид Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің Тбилисиде (Грузияда) өткен алғашқы екіжақты кездесуін жоғары бағалап, тікелей байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесу барысында өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер талқыланды.

Добавить комментарий