Оңтүстік Корея мен АҚШ «Ulchi Freedom Shield» (UFS) атты тұрақты бірлескен әскери жаттығу жиындары басталғанын хабарлады.
Оқу-жаттығуға соңғы төрт жылдың ішінде алғаш рет дала жаттығулары қосылды, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.
Оқу-жаттығу жиындары 1 қыркүйекке дейін жалғасады, ол командалық пункттерге арналған компьютерлік симуляцияны, далалық даярлықты және азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығуларды қамтиды. Оқу-жаттығудың бірінші бөлігі Солтүстік Кореяның шабуылдарын тойтару мен елордалық агломерацияны қорғауды пысықтау болды, екінші бөлігі контршабуыл операцияларына бағытталған.
Қос елдің әскерилері далалық маневрлерде дайындықтың 13 құрамдастырылған бағдарламасында түрлі сценарийлер әзірлейді, оның ішінде атом электр станцияларында қолдан жасалған жарылғыш заттарды табу, жартылай өткізгіштер зауытында өрт, банк желісінің тоқтап қалуы, әуежайлардағы терроризм және ұшқышсыз басқарылатын ұші аппараттарымен шабуылдар.
Оқу-жаттығу барысында COVID-19-ның таралуының болдырмау үшін әскери қызметшілерге тест тапсырып, маска тағу міндеттеледі.
Соңғы жылдары мұндай жаттығулар коронавирус пандемиясы мен Оңтүстік Кореяның бұрынғы әкімшілігінің Сеул мен Вашингтонның әскери жаттығуларын қаатң сынға алатын КХДР-мен диалогқа ұмтылысы аясында компьютерлік симуляция форматында өткен.