АҚШ пен Израиль Ирандағы жарылыстарға қатысы барын жоққа шығарды

Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі мен Израиль үкіметі Иранның Керман қаласында болған бірқатар жарылыстарға қатысы барын шығарды. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Мэттью Миллер журналистерге арналған тұрақты брифингте мәлімдеді.

«[Осы жарылыстарға] не себеп болғанын айтуға әлі ерте, бірақ мен кейбір орынсыз мәлімдемелерге назар аударып, біріншіден, АҚШ бұған қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Бұған қарсы келетін кез келген болжам күлкімді келтіреді. Екіншіден, Израильдің жарылыстарға қатысы бар деп ойлауға бізде ешқандай негіз жоқ», — деп атап өтті дипломат.

Ол сондай-ақ Вашингтонда жағдайды мұқият бақылап отырғанын, бірақ жарылыстарға кімнің қатысы бар болуы мүмкін екені туралы ақпарат жоқ екенін айтты. «Бізде олай деп есептеу үшін ешқандай ақпарат жоқ», — деді Миллер Израильдің қатысы болуы мүмкін деген сұраққа жауап бере отырып.

«Бұл оқиғаға кім жауапты екеніне қатысты менде ешқандай болжам жоқ. Израиль үкіметі өз әрекеттері туралы өздері айтады», — деп қортындылады Мемлекеттік департамент өкілі.

Добавить комментарий