Ресей Үкіметі достық қатынас орнатпаған шет мемлекеттердің тізімін бекітті, енді оларға қарсы іс-қимыл шаралары қолданылатын болады.
Бүгінгі таңда тізімге екі мемлекет кірді: АҚШ пен Чехия
Тиісті өкім жарияланды.
«Ресей Федерациясына, Ресей Федерациясы азаматтарына немесе ресейлік заңды тұлғаларға қатысты ықпал ету (қарсы іс-қимыл) шаралары қолданылатын Ресей Федерациясы Президентінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі жарлығында белгіленген достыққа жатпайтын қадамға барған шет мемлекеттердің тізбесі бекітілсін», — делінген құжатта.
Жарлық достық қатынас орнатпаған мемлекеттер үшін елшілікке, консулдықтарға және өзінің басқа да өкілдіктеріне Ресей аумағында жұмысшы алуға толық тыйым салуға дейінгі шектеуді көздейді.
Тізімде тек екі ел көрсетілген — АҚШ пен Чехия. Өкімге сәйкес, Чехия дипломатиялық миссиясы Ресей аумағында 19 жұмысшы алса болады, ал АҚШ — бірде-бір жұмысшы ала алмайды.
Федерация кеңесінің халықаралық комитеті басшысының бірінші орынбасары, ФҚҚ генералы Владимир Джабаров Ресеймен достық қатынас орнатпаған елдердің тізімін Ресейге қарсы саясат жалғаса беретін болса кеңейтілетінін айтты.
«Ресеймен достық қатынас орнатпаған елдердің тізімі Ресейге қарсы саясат жалғаса беретін болса, тізім кеңейтілетін болады», — деп мәлімдеді ол.
Естеріңізге сала кетейік! Бұған дейін РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Мәскеу аталмыш тізімге кез келген елді қоспайиынын — мұндай шешім қалыптасқан жағдайды терең талдау және елмен альтернативті тәсілмен іс жүргізу мүмкіндіктерін анықтау негізінде қабылданатынын мәлімдеген болатын.