АҚШ пен Болгария энергия жеткізуді әртараптандыру мәселесін талқылауда

АҚШ президентінің көмекшісі мен Болгария Премьер-министрі энергия жеткізуді әртараптандыру мәселесін талқылауға ниетті.

Джейк Салливан мен Кирил Петков «Ресейдің Украинаға қарсы негізсіз әскери агрессиясы» туралы пікір алмасты

АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан дүйсенбі күні Болгария Премьер-министрі Кирил Петковпен кездесіп, Украина төңірегіндегі жағдайды, сондай-ақ Еуропаға энергия жеткізуді әртараптандыру мәселесін талқылады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде айтылған.

«Салливан соңғы кездері Ресейдің энергетиканы қару ретінде пайдалануға талпынысына қарсы АҚШ-тың Болгариямен ынтымақтастығын атап өтіп, Премьер-министрмен Еуропаға энергетикалық жеткізілімдерді одан әрі әртараптандыру арқылы Еуропаның тұрақтылығын нығайту жөніндегі күш-жігерін талқылады», — делінген мәтінде.

«Олар Украинаға қатысты Ресейдің негізсіз әскери агрессиясына қатысты пікір алмасып, Украина халқы мен үкіметіне қолдау білдіріп, Ресейге шығын келтіруге дайын екендіктерін растады», — деп мәлімдеді Ақ үй.

Добавить комментарий