Құрама Штаттар 2022 жылғы 14 маусымда сәрсенбі күні Ресей, Украина және Швецияның үш азаматына қарсы санкция салды. Америкалық тараптың болжамы бойынша, олардың екеуінің «Орыс империялық қозғалысы» ұлтшылдық ұйымымен байланысы бар. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі хабарлады.
«Бүгін АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) «Орыс империялық қозғалысы» деп аталатын этникалық экстремистік топтың екі жақтаушысын [санкциялық] тізімге енгізеді», — делінген мәлімдемеде. Әңгіме ресейлік Александр Жучковский мен украиндық Станислав Шевчук туралы болып отыр.
Сонымен қатар тізімге Швеция азаматы Антон Тулин енгізілді. «OFAC-пен қатар Мемлекеттік департамент терроризм актілерін жүзеге асыру тұрғысынан елеулі қауіп төндіретін [санкциялық] тізімге жеке тұлғаны енгізді», — деп хабарлады Қаржы министрлігі.