АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге сапармен келді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығысқа сапары аясында Израильге келді. Бұл туралы Ynet порталы хабарлайды.

Блинкен Тель-Авивте Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездеседі деп жоспарлануда, содан кейін Израиль әскери кабинетінің мүшелерімен келіссөздер жүргізбек.

Бұл Мемлекеттік хатшының Таяу Шығысқа үшінші сапары. Бұған дейін ол Сауд Арабиясы мен Мысырда болды.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Блинкен сапар барысында өңірде атысты дереу тоқтату туралы келісімге қол жеткізу үшін күш-жігерді талқылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қақтығыстан кейінгі кезеңде іс-қимылдарды үйлестіру мәселесі талқыланады.

Добавить комментарий