АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанда Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен 28 ақпанға жоспарланған сапар барысында кездеседі.

Бұл туралы бүгін, жұма күні 2023 жылғы 24 ақпанда ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді. Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды», — делінген хабарламада.

Сол күні Астанада Блинкеннің қатысуымен С5+1 форматында Орталық Азия мен АҚШ елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі өтеді.

 

Добавить комментарий