АҚШ Мемлекеттік департаменті Рамзан Қадыровтың саясатын сынға алды

АҚШ Мемлекеттік департаменті Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың саясатын сынға алды.

Вашингтонда Шешенстан Республикасындағы азаматтардың, атап айтқанда, жергілікті құқық қорғаушылардың туыстарына қарсы бағытталған қудалап, қамауға алып жатқанына алаңдаушылық танытты. Бұл туралы ресейлік БАҚ АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Америка тарапы Шешенстанда әділетсіз ұсталғандардың барлығын босатуға шақырды. Вашингтон Ресейден тыс жерде тұратын азаматтардың туыстарына жасалып жатқан қысымды да айыптады. «Бүкіл отбасы мүшесіне зиян келтіретін мұндай әрекеттер қуғын-сүргіннің ерекше зиянды түрі болып табылады», — делінген мәлімдемеде. Атап айтқанда, әңгіме Шешенстан Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы Сайди Янгулбаеваның әйелі Зарема Мұсаеваны ұрлау туралы болып отыр.

Мемлекеттік департамент Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың саясатын сынға алды. Оны өзгеше ойлайтындарға, ЛГБТ өкілдеріне, ұлттық және діни азшылықтарға қатысты қуғын-сүргін мен қудалауды тоқтатуға шақырды. Сонымен қатар, АҚШ Ресей билігіне Шешенстан аумағында адам құқықтарын бұзған барлық кінәлі азаматтарды жауапқа тартуды талап етті.

21 қаңтарда Шешенстан қару асынып, азаматтық киім киген күш құрылымдарының қызметкерлері бұрынғы судья Янгулбаевтың Нижегород облысындағы пәтеріне баса көктеп кіріп, оның диабет ауруына шалдыққан әйелі Зарем Мұсаеваны ұрлап кетті. Қазір оның әйелі Шешенстан республикасы бойынша ІІМ-нің арнайы қабылдау бөлмесінде, ол әкімшілік құқықбұзушылық бойынша — полицейге шабуыл жасап, балағаттағаны үшін ұсталды.

Добавить комментарий