Вашингтон әлемдік экономикалық тәртіпті бұзатын елдерге қатысты қатаң шаралар қолданбақ.
«Америка Құрама Штаттары мен [Оңтүстік] Корея сынды одақтастарымыз әлемдік экономикалық тәртіптің негізінде жатқан нормалар мен құндылықтарды қатаң ұстануды талап ету үшін бірге жұмыс істейтін болады», — деп мәлімдеді АҚШ Қаржы министрі Жанет Йеллен Оңтүстік Кореялық LG компаниясының кешендерінің бірінде сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, Батыс «осы тәртіпті асыра пайдаланатын немесе оны бұзатын» елдерге қарсы қатаң шаралар енгізетін болады.
Йеллен «[Батыс] Ресейдің басқыншылығына қатысты енгізген бұрын-соңды болмаған» шараларды мысал ретінде келтірді.