АҚШ конгрессмендері Тайваньға келді

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы мүшелерінің делегациясы 22-24 ақпандағы Үнді және Тынық мұхиты өңіріне сапары аясында Тайваньға келді. Делегацияны Қытай бойынша арнайы комитеттің төрағасы Майк Галлахер басқарады. Аталған сапар қарым-қатынасты нығайтуға және өңірлік қауіпсіздік, сауда және инвестиция мәселелерін талқылауға бағытталған.

АҚШ елшілігінің де-факто қызметін атқаратын Тайваньдағы америкалық институт атап өткендей, делегацияның Тайвань әкімшілігі және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері өңірлік қауіпсіздікке, сауда мен инвестицияларға қатысты мәселелерді талқылауға бағытталады.

Галлахер қос елдің көшбасшылары мен экономикалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту Тайвань бұғазында бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізуі мүмкін деп мәлімдеді. Ол АҚШ-тың Қытаймен қақтығысында Тайванды қолдайтынын атап өтті.

Делегация құрамына аға демократ Раджа Кришнамуртиді қоса алғанда бес мүше бар. Америкалық конгрессмендер АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленісті қарым-қатынас жағдайында сапармен келді. 1979 жылы Тайванмен дипломатиялық қарым-қатынас тоқтатылғанына қарамастан, АҚШ Тайбэй әкімшілігімен байланыста екенін және аралға ірі қару жеткізуші ел болып қалып отырғанын атап өтейік.

Добавить комментарий