АҚШ ирандық физиктің өлімінің артында Израиль тұр деп мәлімдеді

АҚШ ирандық ядролық физик Мохсен Фахризаденің өлімінің артында Израиль тұр деп санайды. Бұл туралы америкалық БАҚ жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

“Иран ядролық бағдарламасының авторы” Мохсен Фахризаданың өлімі туралы не белгілі

Оның айтуынша, Израиль ұзақ уақыт бойы осы ирандық ғалымды «аңдыған». Әдетте еврей мемлекеті АҚШ әкімшілігін осындай акциялар туралы хабардар ететін. Дереккөз Израиль бұл жолы осылай істеген-істемегенін ашып көрсетпеді.

Ол сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Фахризаданың өлтірілетіні туралы білген-білмегенін және америкалық тараптан израильдіктерге қолдау көрсетуге рұқсат берген-бермегенін нақтылаудан бас тартты.

Добавить комментарий