Баспасөздің хабарлауынша, Трамп Ақ үйдегі іс-шарада сөйлеген сөзінде АҚШ Навальныйдың ауруханаға жатқызылуына қатысты жағдайдың дамуын «қадағалап отырғанын» айтқан.
Меркель егер тиісті өтініш түссе, Германияның медициналық көмек көрсететінін, егер қажет болса өзінің емдеу мекемелеріне рұқсат беретінін мәлімдеді. Ол оның тез арада сауығып кететініне сенім білдірді.
Макрон Франция Навальныйға барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін , сонымен қоса баспана беруге дайын екенін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, ФБК басшысы Навальный Томск-Мәскеу бағытында ұшып бара жатқан ұшақта жағдайы күрт нашарлады. Борт шұғыл түрде Омбыға қонып, блогер ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, жедел уланған. Қазір ол комада жатыр, оның жағдайы өте ауыр.
Бұған дейін желіде Томск әуежайының кофейнесінен Навальныйдың суреттері пайда болған, онда блогер стақаннан әлдебір нәрсе ішкен, сондай-ақ ұшақ бортынан жағдайы нашарлаған кездегі түсірілген бейнежазба да бар. Қазіргі уақытта кофехананың басшылығы ішкі тексеруге бастамашы болды. Сонымен қатар тексеруді Томск Роспотребнадзоры жүргізеді.