АҚШ генералы: ОА елдері АҚШ-ты Ресейдің альтернативасы ретінде көреді

АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Кеннет Маккензи Орталық Азия елдері АҚШ-ты Россия мен Қытайдың альтернативасы ретінде қарайды деп мәлімдеді.

Оның пікірінше, Орталық Азиядағы бірқатар елдер АҚШ-пен өзара байланыс орнатуға мүдделі. Бұл туралы Конгресс Сенатының Қарулы Күштер істері жөніндегі комитетінде америкалық контингентті Ауғанстаннан шығару жағдайларына қатысты сөйлеген сөзінде айтылды.

«Біз Ауғанстан содырлардың қолына өткеннен кейін өңірде жағдай қандай болатыны айтқанбыз. Жалпы олар кепілдік бергенімізді және бұрынғысынша Құрама Штаттармен өзара байланыс жалғаса бергенін қалайды. Себебі олар Ресей мен Қытайдың альтернативасы болғанын қалайды, — деп есептейді АҚШ ҚК Орталық қолбасшылығының басшысы. — Өкінішке қарай, географиялық орнына байланысты олар әрқашан Ресей мен Қытаймен жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ, менің ойымша, біздің аймақтағы серіктестеріміз АҚШ-тың Ауғанстаннан кеткеніне қарамастан қарым-қатынасты үзбейтінін білдірді».

 

Добавить комментарий