АҚШ генералы Марк Милли Украинадағы соғыс қимылдары жаңа фазаға көшті деп есептейді

Америкалық генерал Марк Милли Украина әскерлері стратегиялық басымдыққа ие болып, елдің аумағында әскери қимылдар жаңа фазаға көшкенін мәлімдеді.

Бұл туралы Марк Милли Польшадағы әскери базаға сапарынан кейін айтты.

Оның сөзін Reuters келтіреді.

Милли «соғыс қимылдары Ресей үшін қиын жүріп» жатқанын және Ресейдің қалай әрекет ететіні түсініксіз болып отырғанын атап өтті.

Reuters жазғандай, Милли базаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін, соның ішінде Ресей НАТО-ға қарсы соғыс бастау қаупін төндіріп, базаға шабуыл жасайтын болса, қорғаныстың соңғы желісі болатын Patriot зымыран батареяларын тексерді.

Милли Еуропадағы АҚШ әскерлерге жоғары қауіп төніп тұр деп болжап отырмағанын, бірақ олар дайын болуы тиіс екенін айтып, АҚШ әскерлеріне жоғары қырағылық сақтауға шақырды.

Добавить комментарий