АҚШ ФРЖ негізгі мөлшерлемені 5,5%-ға дейін көтерді — 22 жылдың ішінде ең жоғары деңгей

АҚШ Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) екі күндік отырыс өткізіп, негізгі мөлшерлемені 25 базистік пунктке көтеріп, 5,25 — 5,5%-ға жеткізу туралы шешім қабылдады. Бұл соңғы 22 жылдағы ең жоғары мөлшерлеме, деп хабарлайды ФҚЖ.

Комитет экономикалық белсенділік бірқалыпты қарқынмен өсіп келе жатқанын, жұмыс орындарының саны айтарлықтай артып келе жатқанын, бұл ретте жұмыссыздық деңгейі төмен болып отырғанын атап өтті. Алайда инфляция жоғары деңгейде қалып отыр.

Федералды резерв жүйесі АҚШ банк жүйесінің берік және орнықты екенін атап өтті. Үй шаруашылықтары мен бизнесті несиелеудің неғұрлым қатаң шарттары экономикалық белсенділікке, жұмыспен қамтуға және инфляцияға әсер етуі мүмкін деп күтілуде, бірақ бұл салдардың ауқымы әзірге белгісіз болып отыр.

Комитет ұзақ мерзімді перспективада 2% деңгейінде ең жоғары жұмыспен қамтуға және тұрақты инфляцияға қол жеткізуге ұмтылады. Сондықтан ФРЖ мөлшерлеменің мақсатты диапазонын 5,2 — 5,5%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

Reuters сауалнамасына қатысқан барлық 106 экономист 25 базистік пунктке көтеріледі деп болжағандықтан, мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылданатыны айтпаса да түсінікті бодлы.

2022 жылғы наурыздан бастап Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені біртіндеп көтере бастады және 2023 жылғы мамырға қарай 5-5,25%-ға жетті. Маусым айында ФҚЖ отырысында реттеуші үзіліс жасады, бірақ мөлшерлесені көтеру процесі әлі аяқталмағанын ескертті.

Негізгі мөлшерлеме бойынша келесі отырыс 19-20 қыркүйекке жоспарланған.

 

Добавить комментарий