АҚШ бірқатар елдерден РФ-ға қарым-қатынасын қайта қарауды талап етті

АҚШ барлық серіктестерінің Ресейге қарсы санкцияларға қосылмағанына алаңдаушылық білдірді.

Бұл әрекеттердің мақсаты — экономикалық, қаржылық және сауда блокадасын жасау арқылы Ресейді әлемдік нарықтан оқшаулау. Дегенмен, елеулі шектеу шараларына қарамастан, Мәскеумен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып жатқан елдер аз емес.

Вашингтон Қытай, Үндістан және басқа да елдердің көшбасшыларын Ресейге қарсы шараларға қосылуға шақырады.

The Economist Ресейге қарсы санкцияларға қатысты әлемдік консенсустың жоқтығын атап өтті

Пекин мен Нью-Дели Ресейге қарсы шектеулерге қосылмады, сондай-ақ Мәскеудің Украинаға қатысты әрекеттерін жария түрде айыптаған жоқ.

Еске салайық! Өткен аптада АҚШ қаржы министрі Жанет Йеллен Вашингтонның Ресейге салынған санкцияларды бұзатын басқа елдердің әрекеті жауапсыз қалмайтынын ашық мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, «еш қандай шара қабылдамаған мемлекеттер туралы әңгіме «Ресеймен қарым-қатынасты сақтап қалу арқылы баюды көздеп отырғандандарға» қатысты болып отыр. «Олардығ ниеті дұрыс емес», — деп Reuters агенттігі Йелленнің сөзін келтіріп.

Добавить комментарий