Вашингтон АҚШ-қа Украинаға $800 млн сомасында әскери көмек пакетін дайындау үшін бір ай уақыт керек деп мәлімдеді.
Бұл туралы бейсенбі күні журналистерге жоғары лауазымды Пентагон өкілі айтты, деп CNN телекомпаниясы оның сөзін келтіреді.
АҚШ қорғаныс ведомствосының өкілі қару-жарақ пен техниканы жөнелту үшін дайындап жатқанын айтты. $100 млн сомасындағы әскери көмек пакеті туралы айта келе, ол Киевтің Stinger тасымалды зениттік зымыран кешендеріне (ТЗЗК) арналған 1 мыңнан астам зымыран алғанын және танкіге қарсы Javelin кешендеріне арналған зымырандардың тағы бір партиясы бейсенбі күні жеткізілетінін айтты.
Пентагон өкілі Киевке жеткізілетін әскери техниканың кейбір түрлері, әсіресе гаубицалар мен радиолокациялық жүйелерін пайдалану үшін нұсқаулық керек екенін айтты. Оның айтуынша, оқыту «бірнеше күнге» созылып, ол «Еуропада болуы мүмкін». Қорғаныс ведомствосы АҚШ-тағы украиналық әскери қызметшілер Switchblade барражды зымырандарын ғана емес, сонымен қатар Киевке берілетін жаңа су үсті аппараттарын қолдануды үйренгенін айтты.
Бұған дейін Пентагон хабарлағандай, Құрама Штаттар Украинаға 200 дана M113 бронетранспортер, 11 дана Ми-17 әскери тікұшағы, 18 дана 155 мм гаубица және 40 мың артиллериялық снарядтар, сондай-ақ 300 дана Switchblade барражды снарядтарын, 500 дана Javelin «танкіге қарсы кешендеріне арналған зымыран және мыңдаған басқа танкіге қарсы жүйелерді жібереді.