АҚШ-та DarkSide мүшелерін іздеп жатырАҚШ-та DarkSide мүшелерін іздеп жатырСонымен қатар, Мемлекеттік департамент хакерлерді ұстауға немесе айыптауға көмектескендерге қосымша $5 млн төлеуге уәде берді.
Бұл туралы бейсенбі күні Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылды.
«Мемлекеттік департамент бопсалаушы вирусты пайдаланатын халықаралық қылмыстық топ жетекшілерінің орналасқан жері мен жеке басын анықтауға көмектесетін ақпарат үшін $10 млн мөлшерінде сыйақы жариялады», — делінген мәтінде.
Анықтама! Соңғы айларда АҚШ-та киберкеңістіктегі қауіп-қатерлер мәселесі ерекше өзектілікке ие болды. Мамыр айының басында DarkSide қылмыстық тобының мүшелері Colonial Pipeline жүйесіне шабуыл жасаған болатын. АҚШ арнайы қызметінің айтуынша, DarkSide орналасқан жері РФ немесе Шығыс Еуропа болуы мүмкін, бірақ ешқандай мемлекетпен байланысты емес. 31 мамырда америкалық ет өңдеу компаниясының желісіне шабуыл жасалды. Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания өкілдері шабуылдың артында Ресейде орналасқан REvil қылмыстық ұйымы тұр деп есептейді. БАҚ өкілдері шілде айының басында Kaseya IT-компаниясының желісінде жасалған шабуылды аталған қылмыстықтоп жасады деп отыр.
Ресей өзіне тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді
Ресей президенті Владимир Путин 4 маусымда америкалық компанияларға кибершабуыл жасады деп Мәскеуге тағылған айыптарды күлкілі деп атады. Оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу JBS кәсіпорнына хакерлік шабуылға байланысты Вашингтонның өтініштерін жедел қарайтынына сендірді. Песков Ресейдің аталған компанияға жасалған кибершабуылды ұйымдастырғандар туралы ақпарат жоқ екенін атап өтті. РФ президентінің баспасөз хатшысы АҚШ тарапы Kaseya-ке жасалған шабуылға байланысты Кремльге ешқандай сұрау жібермегенін атап өтті.
16 маусымда Женевада Путин мен АҚШ президенті Джо Байден арасында келіссөздер өтті. Бірлескен мәлімдемеде олар стратегиялық тұрақтылық бойынша екіжақты диалогты кешенді түрде іске қосу ниеті туралы хабарлады. Сонымен қатар, Мәскеу мен Вашингтон киберқауіпсіздік, тұтқындармен алмасу және қару-жарақты бақылау бойынша консультация бастаудыжоспарлап отыр.