Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Америка Құрама Штаттарыны Ауғанстанда күніне 300 млн доллар жұмсағанын айтты.
«АҚШ Ауғанстанда күніне 300 миллион доллардан астам қаржы жұмсап келген», — деді ол Еуроодақ комитеттерінің отырысында Ауғанстандағы жағдайға түсініктеме бере отырып.
Боррель сондай-ақ Американың Ауғанстандағы әскери контингентті қолдауға жұмсаған шығыстардың жалпы сомасы 2 триллион доллардан асатынын айтты.
«Биліктің ауысуы халық үшін де, басқа мемлекеттер үшін де катастрофа болды», — деп атап өтті Еуроодақтың жоғарғы өкілі.
Ол барлығы үшін, соның ішінде «Талибан» үшін де күтпеген жағдай болғанын айтты.
Бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы операцияға жылына 42 миллиард доллар жұмсағанын айтқан болатын.