АҚШ барлау қызметі Ресей Донбассты басып алған жағдайда Украина аумағында тоқтап қалмайтынын айтты.
РФ президенті Владимир Путин басып алынған Донбасс аумақтары мен Приднестровье арасында «құрлық дәлізін» ашуға ұмтылуда.
Бұл туралы АҚШ Ұлттық барлау комитетінің басшысы Эврил Хейнс АҚШ Сенатының Қарулы Күштер жөніндегі комитеті алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Bloomberg.
«Біздің бағалауымызша, президент Путин Украинадағы ұзаққа созылатын қақтығысқа дайындалып жатыр, оның барысында ол әлі де Донбасстан басқа да аумақтарды басып алуға ниетті», — деп есептейді Хейнс.
Американлық барлау қызметінің өкілі РФ Донбаста жеңіске жететін болса соғыс тоқтамайтынын және Кремль Украинадағы ұзаққа созылатын қақтығысқа дайындалып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, АҚШ-тың барлау ведомствосы Украинадағы қақтығыстың шиеленісіп, Ресей ситуативті шешімдерді қабылдаумен қатар, анағұрлым «болжанбайтын» және «ықтимал эскалациялық» траекторияға шығуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Бұған дейін УҚК-ның Бас штабы Приднестровьеде орналасқан Ресей әскері офицерлерінің отбасы мүшелері елден кетуге дайындалып жатқанын хабарлаған болатын.