АҚШ: 5 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы вакцина салу мақұлданды

АҚШ-та бес жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау жоспарланып отыр. Осы жас тобына вакцина салу ресми түрде мақұлданды.

АҚШ билігі бес жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуды мақұлдады

АҚШ билігі бес жасқа дейінгі балаларға коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина салу үшін Pfizer — BioNTech және Moderna компанияларының вакциналарын мақұлдады. Бұл туралы америкалық көшбасшы Джо Байденнің жазбаша мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ТАСС.

Ақ үй басшысының айтуынша, бұл Құрама Штаттардағы инфекцияға қарсы күресте маңызды қадам. Ол АҚШ бес жасқа дейінгі балаларға екпе салуға рұқсат берген әлемдегі алғашқы ел екенін атап өтті.

Байден аталған препараттың қауіпсіз екенін айтты. Оның айтуынша, ата-аналар баласының COVID-19 жұқтырмайтынына сенімді болса болды.

Саясаткер АҚШ-та 220 миллионнан астам америкалық толық вакциналанғанын, ал 100 миллионнан астам адам ревакцинациядан өткенін атап өтті.

 

Добавить комментарий