РФ-ның бұқаралық ақпарат құралдары елдің дәстүрлі жалпыадамзаттық құндылықтар үшін арпалысып жатқан жалғыз ел қылып көрсетуде.
Өз кезегінде ресейліктерге батыс қоғамын ЛГБТ және т.б. насихаттайтын, моральдық тұрғыдан азғындалған, ар-ұяттан безген етіп көрсетті. Биыл Ресейде «ЛГБТ мен жыныс ауыстыруды насихаттауды» заңнамалық деңгейде тыйым салынды.
РФ бұқаралық ақпарат құралдарында Украина Ресейдің бір бөлігі екендігі және тарихта Ресей мен Украина бір мемлекет ретінде болғаны бірнеше рет айтылды.
Батыстық саясаттанушылардың пікірінше, Ресей әскерлері Украина аумағына кіргеннен кейін ел мен оның халқы БАҚ-та дұшпан ретінде көрсетілді.
Мәселен, РФ Қауіпсіздік кеңесі хатшысының көмекшісі Алексей Павлов Украинада «десатанизация» жүргізу керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина православиелік құндылықтардан бас тартып, «тоталитарлы гиперсектаға» айналды.
Тіпті Владимир Путин жариялаған мобилизация ресейліктердің өз үкіметіне емес, Украина билігі мен елдің ұлттық идеяларын жақтайтын тұрғындарына деген дұшпандық сезімін оятты.
Оның үстіне ресейлік пропаганда да өз риторикасын аздап өзгертті. Мәселен, ресейлік пропагандист Маргарита Симонян мен Владимир Соловьев ресейлік эмигранттарды билікті сынағаны үшін мемлекетке опасыздық жасау бабы бойынша соттап, РФ-ға өлім жазасын қайтаруды ұсынды.
«Ресейліктерге олардың басты жауы Украина емес, Путин режимі мен пропагандистер екенін түсіну керек. Ресейге қарсы санкциялардың салынуына, елдегі күнкөріс деңгейінің төмендеуіне, Ресейдің әлем елдерінен оқшаулануына және ресейлік сарбаздар қырылып жатқан ауқымды соғысқа олар кінәлі», — деп сендіреді батыстық саяси технологтар.