Қазақстанда Қостанай және Ақмола облыстарында Төтенше жағдай режимінің күші жойылды. Ол 2022 жылдың 15 қаңтарда таңғы сағат 07:00-ден бастап тоқтатылады. Жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент, Қарағанды, Түркістан қаласында және Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимін алып тастаған болатын.