Ақмола облысының тұрғындары алаяққа 80 млн теңгеге алданып қалды

Хабарланғандай, жалған кәсіпкердің іс-әрекетінен Ақмола облысының 23 тұрғыны 80 млн теңгеден астам сомаға зардап шеккен. Алдын ала тергеу көрсеткендей, Қарағанды облысының 41 жастағы тұрғыны Көкшетауда «Тиімді тұрғын үй» және «Mansur auto» несие-тұтыну кооперативін ұйымдастырған. Салымшылар жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті сатып алуға пайызсыз қарыз алу мүмкіндігіне үміттеніп, кіру жарнасы түрінде өз жинақтарын әкелген, нәтижесінде қаскүнем жәбірленушілерге тиесілі ақшаны қайтармады.

Салымшыларды пайдалы инвестицияларға сендіре отырып, күдікті әр түрлі презентациялар ұйымдастырды, онда ол алғашқы клиенттерге әсерлі сыйақы берді. Тұтыну кооперативіне қатысушылардың салым сомасы 150 мыңнан 3 млн. теңгеге дейін болды. Көкшетау қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР ҚК-нің 90-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық», ҚР ҚК-нің 217-бабы 2-бөлігі «Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету» бойынша 23 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Полицейлер күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерден 8-778 (35-41-953) телефондарына полицияға хабарласуларын сұрайды.

Добавить комментарий