Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері жанып жатқан жанармай таситын көлікті сөндіріп, жарылыстың алдын алды.
«21 қыркүйекте сағат 17:27-де құтқарушыларға «ГАЗ-53″ маркалы автомобиль мен сыйымдылығы 50 текше метр дизель отыны бар автоцистерна жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жарылыстың алдын алу мүмкін болды. Өртке үшінші дәреже берілді», — делінген хабарламада.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Жүргізушінің айтуынша, ол жанармай құюға келіп, автокөлікке жанармай құю кезінде өртеніп, өрт дизель отыны бар 50 текше цистернаға жайылған», — деп хабарлады Жақсы ауданы ТЖБ бастығы Біржан Әбілмәженов.
Өртті сөндіруге ТЖБ қызметкерлері бір адам, Жаңа-Қима а .28-ӨП, 2 бірлік техника жеті адам, Жақсы а. 13-ӨСБ, 1 бірлік техника төрт адам, ЖПҚ 1 бірлік техника екі адам, МЕӨҚ 1 бірлік екі адам, «Жаңа Жол» ЖШС ЕӨҚ 3 бірлік техника бес адам жұмылдырылды. Өрт 19 сағат. 50 мин. ауыздықталып, 20 сағат 09 минутта жойылды.