Щучинск қаласының тұрғынының арызы бойынша учаскелік полиция қызметкері жүргізген іс-шара барысында оның күйеуі психиатриялық ауытқу бар екені анықталды, ол ауруханада жатып ем қабылдауы керек.
Қазір ер адам ауруханада жатыр.
Полиция қызметкері азаматтық некедегі күйеуінен зәбір көрген әйел құтқарды. Ер адам шизофрениямен ауыратыны хабарланды.
Ақмола облысы Щучинск қаласының тұрғыны учаскелік полиция инспекторы Арман Мәженовке алғыс білдірді. Ер адам үнемі ішімдікке сылқия тойып алып, өзін агрессивті ұстайды.
«Азаматтық некедегі күйеуім ішімдіктке тойып алып, өзін ашушаң ұстайды, алайда мен оның мінезі өзгереді деп үміттендім», — деді Татьяна.
Келіншек оның қылығын кешіріп, полицияға арыз бермеген, алайда учаскелік полиция қызметкеріне жиі жүгініп отырған.
«Арман Манасұлы кез келген уақытта келіп, ұрыс-керісті тоқтатуға көмектеседі», — дейді Щучинск тұрғыны.
Учаскелік полиция қызметкері Татьянаның азаматтық некедегі күйеуі психиатрдың есебінде тұрғанын анықтады. Оның диагнозы — шизофрения.
«Оның қорытындысы бойынша, ер адамның қоғамға қауіп төндіретіні анықталды», — делінген хабарламада.
Қазір ер адам Алексеевская психиатриялық ауруханасында жатыр.
Татьяна қиындыққа тап топ болғанда көмек қолын созуға дайын полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.