Ақмола облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан ер адам бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысында ер адам заңсыз жолмен пайдалы қазбаларын өндіріп, 280 млн теңге пайда көрген. Ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Ақмола облысы бойынша департаментімен тау-кен саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты іс аяқталды

«Тергеу барысында азамат Ибраевтың Жолымбет кен орнындағы учаскеге ғана барлау жұмыстарын жүргізуге келісім-шартқа отырып, құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндірумен айналысып, кейін оларды үшінші тұлғаларға өткізгені анықталды», — деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Нәтижесінде ол аса ірі көлемде жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайтын заңсыз кіріс алған.

Сот үкімімен сотталушы келтірілген залалды республикалық бюджетке толық өтеп, 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Добавить комментарий