Ақмола облысында қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін ұсталады

Ақмола облысы бойынша ІІМ өңірлік басқармасының берген мәліметтеріне сәйкес, полицейлер ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» жоспары бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл ұсақ бұзақылық, қоқыс тастау, қоғамдық орындарда темекі шегу, сондай-ақ қоғамдық тыныштықты бұзатын басқа да заңға қайшы әрекеттерге де қатысты. Себебі, рұқсат етілген сезім анағұрлым ауыр құқық қылмыс жасауға негіз болады.

Жыл басынан бері Ақмола облысы аумағында ұсақ құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 63 мыңнан астам тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда темекі тартқаны үшін 1680-ден астам тәртіп бұзушы ұсталды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін — 3000-нан астам адам, олардың 119-ы әкімшілік қамауға алынды, 3127-не айыппұл салынды. 1000-ден астам тыныштық бұзылушылар тіркелді. Қоғамдық орындарда адамдарға мазасын алғаны үшін 600-ден астам әкімшілік жаза жасалды. Белгіленбеген жерлерде сауда үшін — 90-нан астам. Айта кету керек, аталған бұзушылықтардың алдын алу үшін тәртіп сақшылары «Учаске», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп» сияқты түрлі жедел-профилактикалық іс-шараларды ұдайы өткізіп отырады.

Добавить комментарий