Ақмола облысында кісі өлтіру ісі ізі суымай ашылды

Досының үйіне қонаққа барған ер адам өлтірілді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ер адамды өлтірді деген күдікпен Ақмола облысының полицейлері ізін суытпай мал фермасының малшысын ұстады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай:

«2021 жылғы 2 мамыр күні сағат 20:42-де Астрахан аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 33 жастағы Ұзынкөл ауылының тұрғынынан Астрахан ауданындағы ауылдардың бірінің мал шаруашылығы фермасының аумағындағы, дәлірек айтқанда, үйде мәйіт табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 тармағы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар 43 жастағы ер адамның денесін тапты, марқұмның мойнында екі пышақ жарақатын болды. Ол алған пышақ жарақатынан қайтыс болды.

Полиция қызметкерлері күдікке ілінген белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ер адамның марқұммен бірге спирттік ішімдік ішкенін анықтады.

«Аталған қылмысты жасады күдікті 45 жастағы малшы болып шықты, ол фермада 8 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеген. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес күдіктінің «ауыр дәрежедегі» мас күйде болғаны анықталды. Мойындау айғақтары бар», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тергеу жұмыстары жалғасуда. Кісі өлтірудің нақты мән-жайы анықталып жатыр. Ер адам Астрахан аудандық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий