Мотоцикл мінген жасөспірім 14 жасар қызды қағып кетті, жаяу жүргінші ауыр жарақ алды, деп хабарлайды ашық ақпарат көздері.
Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қараегин ауылында Қыстаубайұлы көшесі бойында жасөспірімдердің қатысуымен ЖКО болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері «ADAL» маркалы мотоциклін басқарған 17 жастағы жасөспірім 14 жастағы Қараегин ауылының тұрғынын соғып кеткені анықталды.
«ЖКО нәтижесінде Астана қ. №1 ауруханасына «БМЖЖ, БМШ, беттің, арқаның, екі қолдың және төменгі аяқтың көгерген» диагнозы қойылған мотоцикл жүргізушісі және «Көптеген жарақат, БМЖЖ, БМЖ, мидың ошақты жарақаты» диагнозы қойылған жаяу жүргінші жеткізілді», — деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.
Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларын қадағалауды, кез келген көлікті тізгіндеуге рұқсат бермеуді сұрайды.