Ақбұлақта атыста ашқан ер адам екі айға қамауға алынды. Алматы қаласының соты Ақбұлақ шағын ауданында бес адамды өлтірген күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдады.
Игорь Дужнов сот отырысында аффект күйінде не істегенін түсінбегенін айтты. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
«Өз үйімді, отбасымды, балаларымды қорғаймын деп, аффект күйінде не істегенімді түсінбедім. Мен жасаған әрекетіме өкінемін. Құрметті сот, мен жауап беруден бас тартамын, бұдан артық сөйлей алмаймын, жағдайым нашар», — деді күдікті.
Оның бетінде көгерген іздер байқалды. Судья күдіктіні медициналық сараптамаға жіберді.
Қайғылы оқиға 20 қыркүйекте Ақбұлақ шағын ауданында болды. Банк қарыздары үшін сатқан үйден шығару кезінде Дужнов екі полиция қызметкерін, сот орындаушысын, үйдің жаңа иесі мен оның досын атып өлтірді. Қаза тапқан учаскелік инспекторлардың артында жеті баласы қалды.