Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ кезінде «жаппай заң бұзушылықтарды ұйымдастыруға тырысқандарын» мәлімдеді.
БҒМ басшысы мұндай әрекеттердің ШҚО мен Түркістан облысында тіркелгенін айтты.
«Біз тестілеуді алып тастап, басқа күндерге ауыстыруға мәжбүр болдық (осы өңірлерде — Ескерту). Жұмысты нашар ұйымдастырғаны және рәсімді жүргізу ережелерін бұзғаны үшін комиссия мүшелері мен басшылары жазаланды. Біз күн сайын ҰБТ өткізу пункттері жанындағы комиссиялар құрамына өзгерістер енгізіп, жосықсыз әріптестерімізді ауыстыруға немесе осы жұмыстан шеттетуге тура келді «, — деп жазды Аймағамбетов Facebook-те.
Министр сондай-ақ ҰБТ рәсімін жаңғырту қажеттігін мәлімдеді.
«Цифрландыру ғасырында бірнеше мың адамның комиссия құрамына қатысуын қамтамасыз етуге 1,5 миллиард теңге жұмсауға болмайды, оның үстіне бұл тиісті нәтиже бермейді. Сондықтан рәсім заманауи прокторинг және бейнебақылау жүйесін қамтамасыз ете отырып, кезең-кезеңмен электрондық форматқа көшеді.
Тесттердегі сұрақтардың мазмұны да үлкен сын туғызады. Соңғы жылдары тест базасын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, сұрақтардың бір бөлігі әлі де аса маңызды емес фактілерді есте қалдыруға бағытталған», — деп есептейді ол.