РКФСР Халық әртісі Андрей Мягков өмірден озды

Чехов атындағы МКТ баспасөз қызметі, РКФСР Халық әртісі Андрей Мягковтың дүниеден озғанын хабардар етті.

Андрей Васильевич Мәскеудегі үйінде қайтыс болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімге жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Оны ес-түссіз жатқан жерінен әйелі тауып алған.

Мягков театр мен кинода көптеген рөлдерді сомдады, «Ирония судьбы, или С лёгким паром», «Служебный роман» секілді фильмдерге түскеннен кейін танымал болды.

Мягковтың кинодағы соңғы жұмысы Сергей Овчаров режиссер болған «Сказе про Федота-Стрельца» (2001 жыл) фильмінде патшаның рөлі, «32-ші желтоқсан» фильміндегі басты рөл және т.б. Бұдан бөлек, ол Тимур Бекмамбетовтың «Ирония судьбы. Продолжение» фильмінде, сондай-ақ Евгений Герасимовтың «Туман рассеивается» сериалында ойнады.

Добавить комментарий