Француз билігі радикализмді жою үшін мешіттер мен діни мектептерді бақылауды күшейтуді көздеп отыр. Тиісті заң жобасы бойынша дауыс беру ел парламентінің төменгі палатасында 16 ақпан, сейсенбі күні өтеді, деп хабарлайды Associated Press.
Атап айтқанда, заң жобасы көп әйелдікке және мәжбүрлеп некелесуге қарсы күреске бағытталған. Заң жобасын парламенттің төменгі палатасы қабылдайды деп күтілуде, онда президент Эммануэл Макронның центристік партиясы басым. Консерваторлар үстемдік ететін сенатта да құжатқа қарсы болмауы мүмкін.
Франция ислам радикалдарына соғыс жариялады. Билік мешіт, кафе мен бассейндерді бақылауға алады
Заң жобасы елде тұратын мұсылмандардың наразылығын тудырды. Олар заң жобасы діни сенім бостандығын шектейді, ал Францияда онсыз да терроризмге қарсы күресу үшін заңдар жеткілікті деп есептейді. Заң жобасына қарсы болғандар, бұл Макронның келесі жылғы президент сайлауы қарсаңында консервативті және ультра оңшыл сайлаушылар арасында саяси ұпай жинауға тырысып жатыр деп мәлімдейді.
2020 жылдың қазан айында Макрон Париж маңында Самуэл Пати өлімінен кейін елдегі радикалды исламшыларға қарсы күресті күшейтуге уәде берді. Макронның айтуынша, елде радикалды исламизм идеяларын тарататын және елдің қағидаттарын бұзатын қауымдастықтарға қарсы нақты әрекеттер жасалды.