Бір жыл бойы жабық болған “Қордай” өткізу пунктін қашан ашу жоспарланып отырғаны белгілі болды.
“Қордай” негізгі өткізу пункті дайын. Оны ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңында «Ақжол» аралас өткізу пунктінде қырғыз тарапынан қайта құру аяқталған кезде ашу жоспарланып отыр.
«Паспорттық бақылауға арналған өткізу пунктінде 42 орын жабдықталған — 21 кіруге, 21 шығуға. Көліктерді тексеру үшін арнайы жабдықталған сегіз орын — төртеуі кіруге, төртеуі шығуға арналған», — деп хабарлады Шекаралық бақылау департаменті.
Олар келесі жаңа уақытша стандарттар анықталғанын айтты:
бір адамға — үш минутқа дейін;
жеңіл көлікке — 15 минутқа дейін;
жүк көлігіне — 25 минутқа дейін;
жолаушылар автобусына — 35 минутқа дейін уақыт бөлінетіні жазылған.
«Қордай» өткізу пунктін қайта құру Жамбыл облысында республикалық бюджет есебінен жүргізілді. Қайта құруға 5,2 млрд теңге бөлінді.
«Қайта құрудың басты артықшылығы «Рапискан» жеке тексеру кешенінің пайда болуын айтуға болады, басқаша айтқанда, жоғары технологиялық сканерлер. Олардың барлығы тоғыз. Біреуі көлемді көліктерді сканерлеу үшін бір үлкен және сегізі жеке тұлғалар үшін. Олар шекараны жаяу өтетіндер үшін өзара байланысқан А және Б блоктарында орналасқан. Сондай-ақ, мүгедектерге арналған арнайы санитарлық тораптар жасалып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді», — деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.
Әкімдіктің мәліметінше, кірме жолдар әр бағытқа қарай сегіз жолаққа дейін кеңейтілді. Маусымда «Қордай» ӨП арқылы 35 мыңға дейін адам өтеді, қызметкерлер жүйенің осындай ағымға дайын екеніне сенімді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қордай» пунктінде кептелістер мен ұзын-сонар кезек болған.
2020 жылдың қаңтарынан бастап «Ақжол»-«Қордай» бақылау-өткізу пунктінің жұмысы қайта жөндеу жүргізу үшін тоқтатылды.
Техникада проблемалар болғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Қазақ-қырғыз шекарасында тағы бірнеше өткізу пункттері бар — «Сартөбе», «Аухаты», «Қарасу», «Сыпатай-автожол».