Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыс күшейіп барады. Соңғы бірнеше жыл ішінде Батыс РФ-ны белгілі бір әрекеті үшін белсенді және жүйелі түрде сынап келеді. Мысалы, Қырымды аннексиялағаны үшін, Донбасс пен Луганск соғысы үшін, Грузиямен әскери қақтығысы үшін сынға алды. РФ билігі Еуроодаққа құлақ асқысы келмейді. Керісінше, Ресей Федерациясы Донбасс пен Луганскідегі соғысқа ешқандай қатысы жоқ екенін алға тартты. Түбектің тұрғындары қосылуға дауыс бергендіктен, Мәскеу Қырымның аннексиялағанын мойындамады.
Соңғы 6 айда РФ мен Еуропа елдері арасындағы дау-дамайға Белоруссиядағы митингілер себеп болса, қазір — «Навальный ісі».
Ресей өзін бүкіл әлемдегі бейбітшіліктің шырқын бұзатын ел екендігін мойындағысы келмейді.
Мысалы, Ресей сыртқы барлау қызметінің басшысы АҚШ-ты Беларусьтегі шерулердің негізгі әрекет етуші тұлғасы деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон елде болып жатқан үкіметке қарсы акцияларды ұйымдастыруға 20000000$ бөлген. Ресейдің барлау қызметі бұл қаражатқа тәуелсіз блогерлер желісі мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық аккаунттар қалыптастырылғанын мәлімдеді.
Ақшаның бір бөлігі белсенділерді көшедегі акциялардың өткізілуіне даярлауға бағытталды. Сондай-ақ, СБҚ басшысы Батыс сайлау басталмай жатып, наразылық шараларына кірісе бастады деп мәлімдеді.
Ресей Федерациясы Молдовада өткен президент сайлауын да естен шығармады, Батысты осы елде наразылық шараларын өткізуге дайындалып және ұйымдастырып жатыр деп айыптады. Алайда, Молдовада ешқандай шеру болған жоқ.
Қазіргі таңда Ресей билігі Алексей Навальныйдың ісі мен Ресей мен ЕО қарым-қатынасын талқылау үшін сындарлы диалог орнатпауда. Мәскеу ЕО-ға кезекті рет шабуыл жасап, Польша, Германия және Швеция дипломаттарын елден шығарып жіберді. Ресей СІМ бұл елдердің дипломаттары Навальныйды қолдау акцияларына қатысқанын мәлімдеді. Өз кезегінде, Польша, Германия және Швеция өз елдерінен бір-бір ресейлік дипломатты шығарды.
Еуроодақ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррель мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі сәтті аяқталмады. Жозеп Боррель пікірталас кезінде Сергей Лавровты Алексей Навальныйды дереу босатуға және оны улау әрекетіне толық тергеу жүргізуге шақырды. Бірақ Ресей үкіметі ЕО-ның осындай мәлімдемесінен кейін үш елдің дипломаттарын елден шығарды.
Еуропа мен Ресей әртүрлі бағытта жылжып келе жатқан сыңайлы. РФ еуропалық демократиялық құндылықтарды бөліспейді. Кремльге құқық үстемдігі деген ұғым жат. 22 ақпанда ЕО елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді, онда Ресей мәселесі де талқыланады. Еуроодаққа қорытынды жасап, Мәскеумен қарым-қатынасты реттеуге тура келеді.