Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы қамауға алынды

Сондай-ақ, Алматы облысы Білім басқармасының басшысы және өңірлік ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығының директоры қамауға алынды

Алматы облысында сотқа дейінгі тергеу кезінде Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова қамауға алынды.

Сондай-ақ, білім беру саласындағы өңірлік ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығының директоры Арапби Менлыбаев қамауға алынды.

Прокуратура басылымға, 2021 жылдың 1 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ҚР ҚК-нің 366-бабы, 4-тармағы (алдын ала келісім бойынша адамдар тобының пара алуы) және 367-баптың 4-тармағы (алдын ала келісім бойынша аса ірі көлемде топ адамның пара беруі) бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Алматы облысы Білім беру мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары және басқаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабарлады

2021 жылдың 4 ақпанында Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілер Омарова мен Менлыбаевқа қатысты екі айға дейінгі мерзімге «қамауға алу» түріндегі, сондай-ақ күдікті Абдолдановаға (Алматы облысы Білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы) қатысты үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады.

Тергеу мүдделерi үшiн басқа мәлiметтер жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, тергеу материалдарына сәйкес, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған. Ол ЖК өкілінен алдын ала сөз байласқан адамдар тобында 37 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Добавить комментарий