2020 жылдың тамыз айында Беларусь азаматтары президент сайлауын өткізді. Дауыс беру күні Минскіде автозактар, су шашқыш техника, әскери күш отырған автобустар байқалды. Күштік құрылымдар наразылық білдірушілерді таратуға алдын ала дайындалған. Дайындықты ықтимал тәртіпсіздіктердің алдын-алу екенін түсіндірді. 9 тамызда сайлау аяқталғаннан кейін БР телеарналарының бірі экзитполдың нәтижесін жариялады, оған сәйкес Лукашенко 80% дауыс жинады. Бұл ақпарат бүкіл ел бойынша жаппай наразылық шараларын тудырды. Наразылық білдірушілер билікті сайлау нәтижесін қазіргі билік басындағы президенттің пайдасына бұрмалады деп айыптады.
Шерушілерді тарату үшін ОМОН жарық-шу гранаталары мен су шашқыштарды қолданды. Күш құрылымдары наразылық білдірушілерді аяусыз басып-шаншыды.
Ресей Лукашенко мен Беларусь арнайы қызметінің жағына шықты. РФ бейбіт шерушілерді күшпен басуға тырысқан билікті сынаған да, айыптаған да жоқ. Путин қазіргі президентке қолдау білдіріп, оның заңды түрде әрекет етіп жатқанын айтты. 5 айдан астам уақыт өтті, енді РФ көшелеріне мыңдаған наразы адамдар шықты. Диктаторды қолдау Ресей үкіметіне бумеранг сияқты оралды.
Наразылық білдірушілер Алексей Навальный ұсталғаннан кейін және «Путинге арналған сарай» атты деректі тергеу-фильмі жарияланғаннан кейін, оны қолдау үшін Ресей Федерациясының көшелеріне шықты. Фильм президент Владимир Путин бастаған Ресей үкіметінің жемқорлығы туралы баяндайды.
23 қаңтар күні бүкіл Ресей бойынша адамдар көшеге шығып, оппозиционерге қолдау білдірді. Түрлі дереккөздердің мәліметінше, наразылық щаралары шамамен 196 қалада болған. Елордада 20-30 мың адам көшеге шықты. Ресейдің ІІМ ресми түрде наразылық шараларына бар-жоғы 4000 қатысқанын мәлімдеді. Бұл күні ел бойынша 2200 адам қамауға алынды, ең көбі Мәскеу мен Петербургте ұсталды, тиісінше 850 және 320 адам. 2011 жылы құрылған «ОВД-Инфо» жобасы барлық наразылық шараларында ұсталғандарды тұрақты түрде санап келеді, осы жолы рұқсат етілмеген акцияда ұсталғандардың саны рекордтық болғанын айтты.
31 қаңтарда наразылық шаралары бір апта бұрын болғаннан да ауқымды болады деп күтілді. Бірақ Ресей билігі мен қауіпсіздік күштері жақсы дайындалды. Полиция шерушілердің кез келген бір жерге топтасу әрекетінің жолын кесті. Таң атпай метрополитеннің орталық станциялары жабылып, полицейлер Бульвар шеңберін қоршап алды, шеңбердің ішіндегі барлық көшелер жабылды. ОМОН Бульвар шеңберін кесіп өтпек болғандардың барлығын тексерді. Бақ шеңберінде қозғалыс тоқтатылды. Соғыстан кейін тарихта бірінші рет Мәскеу орталығы жабылды. Әр 200-300 метрге блок-бекеттер орнатылды. Күні бойы адамдарды ұстады. Шерушілер алғаш рет Ресей билігінің осындай тактикасына тап болды. Қараңғы түн батқанша орталықты ұстап тұрды. Жалпы 4 мыңнан астам ұсталды.
Күш құрылымдары тарапынан наразылық білдірушілерді басу, 23 қаңтарға қарағанда қатаң болды. Сарбаздар қарусыз адамдарды, баспасөз өкілдерін ұрып-соғып, бірінен кейін бірін ұстады.
Көріп отырғанымыздай, Ресей билігі көрші елде диктаторды қолдап қана қоймай, сонымен қатар өз елінде аяусыз басып-шаншуға жол беретіні белгілі болды. Мәскеуге қарап, осы демалыс күндері қаланың соғыс жағдайында жабылғанын және мыңдаған адамдардың ұсталғанын көруге болады.