Адам құқықтары жөніндегі сарапшы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құру бастамасына түсініктеме берді.
Марат Бәшімов, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры:
«Бұл сала тек бір қарапайым себеппен өте маңызды: бізде де, шектес мемлекеттерде де көлеңкелі экономика қатты дамыды. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, ЖІӨ-нің 40%-ы көлеңкелі, яғни «сұр» айналымда. Ал біздің сараптамалық мәліметтеріміз бойынша, шамамен 30%. Арнайы ведомство осымен айналысқан кезде бұл маңызды әрі өзекті болады. Ол жұмыс істейтін болады
Естеріңізге сала кетейік, Президент жанынан жаңа ведомство құрылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жалған кәсіпорындармен және салықты қасақана төлемеушілермен жұмысты күшейтуді тапсырды. Президент бизнеске көмектің жаңа шараларын жариялады.