Артур Қажыбаев: «COVID-19 жұқтыру жағдайлары көбінесе санитарлық шараларды елемеуге байланысты»

№32 қалалық емхананың бас дәрігері Артур Қажыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде мегаполистегі күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында қала тұрғындарына бірқатар ұсыныстар айтты.

«Біріншіден, бетперде тағып, адамдар көп жиналатын жерге бармау, қолғап қолғап кию керек. Үйге келгеннен кейін қолды жуу керек. Адамдармен кездескен кезде 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау қажет. Ең бастысы — адамдар жиналатын орындарға бармау», — деді ол.

Артур Қажыбаев сондай-ақ, қоғамдық көлікте қолғап пен бетперде киюдің маңыздылығын түсіндірді.

«Қолғап кию маңызды, себебі егер қолғапсыз қолымызда инфекция болса, біз байқамаймыз және автоматты түрде бетімізді ұстайтын боламыз — бұл (инфекция мыс.) бізді тез жұқтыруы мүмкін. Қазіргі уақытта бетперделер ең маңызды құралдардың бірі болып табылады (алдын алу құралдары-мыс.), адамдар бір-бірімен сөйлескен жағдайда, инфекция ауа арқылы таралады, сондықтан қала тұрғындарына бетперде мен қолғап кию дұрыс деп ойлаймын», — деді бас дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жұқтыру оқиғаларының 39,6%-ы қоғамдық орындарға тиесілі; 27,5%-ы отбасында КВИ-мен ауыратын науқаспен байланыс жасаған; 20,3% — қоғамдық көлікте.

Артур Қажыбаев коронавируспен ауырған адамдардың емхана бөлінісінде жұқтыру себептері туралы хабарлады.

«Жұқтыру себептеріне келер болсақ, ең бастысы — науқастар науқас адамдармен байланыста болды, аталған санат — үлкен пайызға ие. Екіншіден, көп адам жиналатын орындарға барғандар мен қонақ шақырғандар, қонаққа, мысалы, тойға барғандар. Бізде мынадай пайыздық көрсеткіштер болды, мысалы, азық-түлік дүкендерінен 36%, қоғамдық көліктерде 13%, базарларда 12%. Бұл бізде ем қабылдап жатқан 23 адамның жұқтыру себебін анықтау кезінде белгілі болғаны. Жұқтыру жағдайларының жиілеп кетуі алдын алу шараларые елемеуге байланысты», — деп баса айтты ол.

Спикер сондай-ақ қандай жағдайларда жедел түрде мобильді бригаданы шақыру қажет деген сұраққа жауап берді.

«Егер ЖРВИ белгілері — жөтел, дене қызуы пайда болса, онда емделушіге емханаға жүгіну — тіркеу бөліміне қоңырау шалу қажет. Тіркеу орнында мобильді бригадаға ауыстырады, мобильді бригада келіп, қызмет көрсетеді. Ең алдымен олар (мобильді бригада- мыс.) да қоңырау шалып, жағдайына баға беріп, содан кейін келіп көмек көрсетеді. Мобильді бригада келіп, қарап, ауруханаға жатқызу қажет деген белгілерді көрсе, науқас ауруханаға жатқызылады. Бұл кезде науқас 14 күн бойы бақылауда болады», — деп түсіндірді Артур Қажыбаев.

Добавить комментарий