Қазақстан Еуропалық азаматтық авиацияның конференциясының бақылаушы статусын алды және ТМД елдерінің арасында ЕСАС-қа қабылданған үшінші мемлекет болды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Telegram-арнасы.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Еуропалық азаматтық авиация конференциясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық ұшу қауiпсiздiгi, авиациялық оқиғаларды тексеру, авиациялық қауiпсiздiк, қоршаған орта және халықаралық азаматтық авиацияның басқа да салалары мәселелерiн қамтитын болады.
Азаматтық авиация комитеті 5 жылдан астам ECAC-қа бақылаушы ретінде қосылу үшін жұмыс жүргізді. Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі іске қосылған сәттен бері бұл мәселені пысықтау ИКАО Өңірлік кеңсесінде және Еуропалық комиссияда өткізілетін кездесулерде күшейтілді.
Қазақстан ECAC-қа бақылаушы бола отырып, біздің еліміз үшін қазақстандық тасымалдаушылардың ұшу қауіпсіздігі, ұшу географиясын кеңейту, қоршаған орта проблемалары, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік мәселелері сияқты жалпыеуропалық деңгейде біздің еліміз үшін бірінші кезектегі маңызы бар мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды. Байқаушылар ECAC өткізетін барлық ашық отырыстар мен конференцияларға қатысады.
ECAC бақылаушыларға персоналды даярлауда және еуропалық стандарттарды бейімдеу барысында техникалық көмек алуға, азаматтық авиация саласындағы отандық еуропалық заңнамамен үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің авиациялық билік орындарының ECAC-ға қатысуы Қазақстанның азаматтық авиациясының бүкіл әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Отырысқа бақылаушы ретінде қатысу Еуропалық комиссияға, EASA, Еуробақылауға, сондай-ақ ИКАО Еуропалық өңірлік бюросының директорына да қолданылады. ECAC азаматтық авиацияның бірқатар мәселелері бойынша АҚШ-ты қоса алғанда, басқа өңірлік ұйымдармен және ИКАО-ға мүше жекелеген мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Қазақстанның авиациялық билік орындары алдағы уақытта ECAC толық құқылы мүшесі болуды жоспарлап отыр, бұл тек мүше мемлекеттер үшін ғана жабық отырыстарға қатысуға мүмкіндік береді және Қазақстанда азаматтық авиацияның еуропалық стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты одан әрі қамтамасыз етеді.
Еуропалық азаматтық авиация конференциясы (ЕСАС) 1955 жылы құрылған үкіметаралық құрылым болып табылады. Оған 44 мүше мемлекет, соның ішінде Еуропалық Одақтың 28 елі (Ұлыбритания, Нидерланды, Германия, Франция және басқалары), сондай-ақ ТМД елдерінің арасында Әзірбайжан мен Армения кіреді.
ЕСАС әуе көлігі өндірісінің перспективаларын, әуе жолаушылары мен тасымалдаушылардың мүдделерін, қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған пікірталас алаңы. Бұған конференцияның сараптамалық рөлі, оның Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен және Еуропалық Кеңеспен байланысы, Eurocontrol-мен ынтымақтастығы, EASA тарапынан қолдау және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесуі ықпал етеді.