Қ.Тоқаев: болмашы қарыздар үшін ЖК шоттарын бұғаттауды тоқтату қажет

Қазақстан Президенті болмашы қарыздар үшін есеп шоттарын бұғаттап, жеке кәсіпкерлерге қысым жасауды тоқтату қажеттігін мәлімдеді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЖК шоттарын бұғаттауды тоқтатуды тапсырды.

«Дағдарыс ұлттық экономика проблемаларын ашып берді. Ең маңыздыларының бірі — салық саясаты, ол экономиканы қалыптастыруды ынталандыруы тиіс. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында біз салықтық ынталандырудың кең спектрін ұсындық. Үкімет ссалықтық-бюджеттік саясатты жетілдіру жөнінде әзірлеуі керек. Салықтық әкімшілендіру мәселесі өте маңызды», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы айларда кәсіпкерлердің салық органдарына шағымы жиілеп кеткен.

«Болмашы қарыздар үшін шоттарға бұғаттау қойылып, есептілікті қабылдау жүйесі қатып қалады. Бұл тәжірибені тоқтату керек. Салықтық әкімшілендіру цифрлық шешімдерге негізделуі тиіс. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлерді онлайн кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды пайдаланған жағдайда салық есептілігін ұсынудан босату мәселесін қарауды тапсырамын», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, президент Үкіметке «Атамекенмен» бірлесіп, салықтық әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдету және жұмсарту жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды, ол цифрлық шешімдерге, ауқымды деректерді пайдалануға және блокчейн технологияларына негізделуі тиіс

Добавить комментарий