Қарағанды облысында 2020 жылы 300-ден астам этникалық қазақ қандас статусын алды

2020 жылдың қорытындысы бойынша тарихи отаны, Қазақстанға оралып, 13 мың адам қандас статусын алды. Қарағанды облысында бұл статус 322 адамға немесе 171 отбасына берілді.

Қарағанды облысына Өзбекстаннан 120 отбасы немесе 203 адам келді; Моңғолиядан — 43 отбасы немесе 106 адам; Қытайдан — 6 отбасы немесе 11 адам; Тәжікстаннан — 1 отбасы немесе 1 адам; Қырғызстаннан — 1 отбасы немесе 1 адам қандас келді.

Келгендердің ішінен еңбекке жарамды жаста — 205 адам, зейнеткерлер — 17, кәмелетке толмағандар — 100. 281 «қандас» куәлігі берілді және ұзартылды.

Қандас статусы бар адамдардың басым көпшілігі Теміртауға қоныстанды — 102 отбасы немесе 177 адам; Қарағандыда — 15 отбасы немесе 17 адам; Абай ауданында — 10 отбасы немесе 22 адам; Бұқар жырау ауданында — 8 отбасы немесе 31 адам; Осакаров ауданында — 12 отбасы немесе 30 адам; қалған өңірлерде — 24 отбасы немесе 45 адам.

1991-2020 жылдар аралығында республикамызға барлығы 1 млн 70,3 мың этникалық қазақ келді.

Айта кету керек, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қандас статусы бар адамдарға жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару ұсынылады.

Добавить комментарий