Қазақстандық мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра бастады. Пандемия жағдайында ҰБТ қалай өтетіні туралы Қазақстан БҒМ баспасөз қызметінде айтылды.
Карантинге байланысты ҰБТ 15 лек бойынша өтеді.
«Тестілеуді 120 мың адам тапсыруы тиіс. Олар 11-12 сынып оқушылары, өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер және шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер. Тестілеу бес пән бойынша өткізіледі: үш міндетті және екі бейінді пән. ҰБТ қатысушыларына 120 тест тапсырмасы беріледі, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша — 15, математикалық сауаттылық бойынша — 15, оқу сауаттылығы бойынша — 20 және екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырма беріледі. Тестілеуге жалпы алғанда 4 сағат (240 минут) уақыт беріледі, оған қоса ҰБТ қатысушылары барлығы 140 балл жинай алады», — деп хабарлады БҒМ.
ҰБТ-ны өткізу арақашықтықты сақтай отырып, кезек бойынша баррикадалық жолақтар арқылы жүргізіледі.
«Отырғызу кезінде тест тапсырушылар арасында кемінде екі метр арақашықтық сақталады, аудиториялардағы қатысушылар саны 50 пайызға қысқартылды. Тестілеу басталар алдында аудиторияларда бактерицидті шамдармен зарарсыздандырылатын болады. Санитарлық нормаларға сәйкес ата-аналар мен мұғалімдерге аумақта болуға тыйым салынатынына ерекше назар аударуды сұраймыз.